Венгрияның солтүстік-батысында аусылдың екінші ошағы пайда болды, деп хабарлайды 24kz.
Euronews-тің хабарлауынша, ауру жұқтырды деген 3 мыңға жуық сиыр жойылуы керек. Алдын ала есеп бойынша мал шаруашылығына 3 миллион 700 мың еуро шығын келді. Үкімет «малшыларға өтемақы береміз» деген, бірақ қанша көлемде екені әзірге белгісіз. Бұған дейін көршілес муниципалитет аумағынан аусыл шығып, 4 мың бас ірі қара жойылған болатын. Сау жануарларға да қазір жаппай екпе салынып жатыр.
Тегтер #Венгрия #аусыл дерті #екпеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz