Венгрияда аусыл дерті екінші рет таралып жатыр

Венгрияның солтүстік-батысында аусылдың екінші ошағы пайда болды, деп хабарлайды 24kz.

Euronews-тің хабарлауынша, ауру жұқтырды деген 3 мыңға жуық сиыр жойылуы керек. Алдын ала есеп бойынша мал шаруашылығына 3 миллион 700 мың еуро шығын келді. Үкімет «малшыларға өтемақы береміз» деген, бірақ қанша көлемде екені әзірге белгісіз. Бұған дейін көршілес муниципалитет аумағынан аусыл шығып, 4 мың бас ірі қара жойылған болатын. Сау жануарларға да қазір жаппай екпе салынып жатыр.