АҚШ-тың тарифтерінен Үндістанда гауһар тас өңдеу өнеркәсібімен айналысатын компаниялар шығынға батуы мүмкін. Өйткені асыл тастар негізінен АҚШ-қа экспортталады.
Былтыр үндістандық компаниялар 32 миллиард доллардан аса пайда тапқан. Бірақ Дональд Трамп осы мемлекеттен келетін тауарларға 26%-тік баж салығын енгізді. Енді соның кесірінен елдің гауһар тас өңдеу өнеркәсібінің шығындары артып, мыңдаған адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Үндістан гауһар тас өңдеу көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр.
Тегтер #Үндістан #гауһар тас #ақш тарифтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz