АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты әлемдік криптовалюта нарығына да әсер етті.
Көп сұранысқа ие биткоин бағасы арзандады. Оның 1 данасы 74 мың долларға дейін төмендеді. Мұндай құлдырау былтыр қараша айынан бері болған емес. Цифрлық валюталарды айырбастау қызметі «Байнанстың» мәліметінше, биткоинның 10 пайызға арзандауынан трейдерлер 1 млрд доллар жоғалтқан. Айта кетейік, осыған дейін виртуалды ақша құны шарықтаған еді. Әсіресе Дональд Трампты ұлықтау рәсімі кезінде, яғни 20 қаңтарда бір биткоин 109 мың долларға саудаланды.
Тегтер #биткоин #АҚШ #сауда #криптовалюта #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz