Президент Дональд Трамптың америкалықтар арасында беделі түсті, деп хабарлайды 24kz.
Оны қолдау рейтингі ең төменгі межеге жетті. Ipsos зерттеу компаниясының сауалнамасына қатысқандардың тек 42%-і Ақ үй басшысының қызметіне көңілдері толатынын айтқан. Тұрғындар Президенттің сауда соғысы мен мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту саясатын қолдамайды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына қаржы бөлуді тоқтатуы көпшіліктің көңілінен шықпаған. Ал, бұған дейін америкалықтардың Трампты қолдау рейтингісі 47% болатын.
Тегтер #АҚШ #Дональд Трамп #сауалнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz