Үндістанмен арадағы ахуалдың ушығуына байланысты Пәкістан қор нарығы құлдырады, деп хабарлайды 24kz.
Негізгі индекстің бірі – KAS 6%-ға арзандады. Бұл - кейінгі 5 айда болмаған жағдай. Ал Үндістанда керісінше қорғаныс секторындағы жетекші компаниялардың акциялары күрт қымбаттады.
Айта кеткен жөн, қазір Пәкістан экономикасы қиын жағдайда. Мемлекет қаржы дағдарысынан кейін енді-енді қалпына келуде. Былтырдан бері Халықаралық валюта қоры Исламабадқа несие ретінде 7 миллиард доллар бөліп, көмек көрсетіп жатыр.
Тегтер #Үндістан #Пәкістан #қор нарығы #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz