Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай қор нарығына әсер етті
Үндістанмен арадағы ахуалдың ушығуына байланысты Пәкістан қор нарығы құлдырады, деп хабарлайды 24kz.
Негізгі индекстің бірі – KAS 6%-ға арзандады. Бұл - кейінгі 5 айда болмаған жағдай. Ал Үндістанда керісінше қорғаныс секторындағы жетекші компаниялардың акциялары күрт қымбаттады.
Айта кеткен жөн, қазір Пәкістан экономикасы қиын жағдайда. Мемлекет қаржы дағдарысынан кейін енді-енді қалпына келуде. Былтырдан бері Халықаралық валюта қоры Исламабадқа несие ретінде 7 миллиард доллар бөліп, көмек көрсетіп жатыр.