«Жасанды интеллект адамзат үшін қауіпті». Бұл жаңа Рим Папасының кардиналдарға жасаған бірінші үндеуінде айтылған мәселе.
Понтифик өз сөзінде нейрожүйелердің дамуы адамның қадір-қасиетіне, еңбекті қорғауға нұқсан келтіретінін атап өтті. Associated Press агенттігінің дерегіне сүйенсек, осыған ұқсас пікірді бұрынғы папа Франциск те айтқан.
Еске сала кетейік, 8 мамырда жаңа Рим-католик шіркеуінің басшысы 69 жастағы Роберт Прево сайланған еді. Оны ұлықтау мен ресми қызметіне кірісу рәсімі 18 мамырда өтеді.
Тегтер #Рим Папасы #Роберт Прево #үндеу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz