Үндістанмен бітімге келгеннен кейін Пәкістан қор нарығындағы ахуал оңала бастады. Елдегі 100 компанияның әлеуетін көрсететін KSE индексі 9% өсті.
Сарапшылардың пікірінше, нарықтың қалпына келуіне аймақтағы ахуалдың тұрақтануынан бөлек, АҚШ пен Қытай арасындағы саудаға қатысты текетірестің бәсеңдеуі әсер еткен. Үндістанда да құнды қағаздар бағасы көтерілді. Sensex және Nifty 50 индекстері 4% өскен.
Еске салайық, ресми Исламабад пен Нью-Дели арасындағы шиеленіс кезінде Пәкістан қор биржасы құлдырап, KSE индексі 13% төмендеген еді.
Тегтер #Үндістан Пәкістан #қор нарығы #бітім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz