Пәкістан қор нарығындағы ахуал оңала бастады

Үндістанмен бітімге келгеннен кейін Пәкістан қор нарығындағы ахуал оңала бастады. Елдегі 100 компанияның әлеуетін көрсететін  KSE индексі 9% өсті.

Сарапшылардың пікірінше, нарықтың қалпына келуіне аймақтағы ахуалдың тұрақтануынан бөлек, АҚШ пен Қытай арасындағы саудаға қатысты текетірестің бәсеңдеуі әсер еткен. Үндістанда да құнды қағаздар бағасы көтерілді. Sensex және Nifty 50 индекстері 4% өскен.

Еске салайық, ресми Исламабад пен Нью-Дели арасындағы шиеленіс кезінде Пәкістан қор биржасы құлдырап, KSE индексі 13% төмендеген еді.