Ливия астанасы Триполиде қақтығыс басталып, 6 адам жараланды. «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлағандай, қаланың бірнеше ауданында атыс және жарылыстар болған.
Президент кеңесі жанындағы қауіпсіздік қызметінің басшысы Әбдел Ғани әл-Кикли қасақана өлтірілгеннен кейін бүлік шықты. Қақтығысқа байланысты Триполиде төтенше жағдай жарияланған. Халықаралық әуежай жұмысын тоқтатты. Барлық әуе рейстері жақын маңдағы Мисурата қаласына жіберілген. Билік тұрғындарды үйден шықпауға шақырды.
Тегтер #Ливия #қақтығыс #төтенше жағдай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz