Америкалық актёр Роберт Де Ниро Франциядағы Канн фестивалінің ең басты марапаты «Алтын пальма бұтағын» қанжығасына байлады. Оған кубокты түсірілім алаңындағы серігі Леонардо Ди Каприо табыстаған.
81 жастағы Де Ниро 140-тан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Актер әсіресе криминал-фильмдер мен триллерлердегі жұмыстарымен танымал. Ол бұған дейін «Алтын глобус» және «Оскар» сыйлықтарын алған. Бұдан бөлек, Де Ниро қайырымдылықпен де белсенді айналысады және 7 баланың әкесі. Канн кинофестивалі 24 мамырға дейін жалғасады.
Тегтер #Канн кинофестивалі #Роберт де Ниро #марапат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz