Канн кинофестивалінің ең басты марапатын Роберт Де Ниро алды

Америкалық актёр Роберт Де Ниро Франциядағы Канн фестивалінің ең басты марапаты «Алтын пальма бұтағын» қанжығасына байлады. Оған кубокты түсірілім алаңындағы серігі Леонардо Ди Каприо табыстаған.

81 жастағы Де Ниро 140-тан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Актер әсіресе криминал-фильмдер мен триллерлердегі жұмыстарымен танымал. Ол бұған дейін «Алтын глобус» және «Оскар» сыйлықтарын алған. Бұдан бөлек, Де Ниро қайырымдылықпен де белсенді айналысады және 7 баланың әкесі. Канн кинофестивалі 24 мамырға дейін жалғасады.