Рим папасы Лео – XIV католик шіркеуі тарихындағы 267-понтифик.
Бір ғасырдан астам уақыт ішінде Ватиканда 10 папа ауысты. Оның алтауы Италиядан шыққан. Соңғысы Иоанн Павел I-дің қызметі небәрі 33 күнге созылды. Бұл тарихтағы ең қысқа мерзім. Ал, 1978 жылы алғаш рет Польшадан Иоанн Павел ІІ сайланып, шіркеуді 27 жыл басқарды. Ол алғашқы славяндық Папа ретінде тарихта қалды. 2005 жылдан 2013 жылға дейін Германиялық Бенедикт XVI таққа отырды. Ол 600 жылда өз еркімен орнын босатқан алғашқы Рим Папасы атанды. Аргентинадан келген Франциск, шіркеуді 2025 жылға дейін басқарды. Ол Латын Америкасынан шыққан тұңғыш Рим Папасы. Ал Лео XIV алғашқы американдық понтификке айналды.
Бенедикт XV 1914-1922 Италия
Пий XI 1922-1939 Италия
Пий XII 1939-1958 Италия
Иоанн XXIII 1958-1963 Италия
Павел VI 1963-1978 Италия
Иоанн Павел I 1978 (33 күн) Италия
Иоанн Павел II 1978-2005 Польша
Бенедикт XVI 2005-2013 Германия
Франциск 2013-2025 Аргентина
Лео XIV 2025-қазіргі уақыт АҚШ
Тегтер #Рим Папасы #тізім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz