Тарихтағы Рим папаларының тізімі

Рим папасы Лео – XIV католик шіркеуі тарихындағы 267-понтифик.

Бір ғасырдан астам уақыт ішінде Ватиканда 10 папа ауысты. Оның алтауы Италиядан шыққан. Соңғысы Иоанн Павел I-дің қызметі небәрі 33 күнге созылды. Бұл тарихтағы ең қысқа мерзім. Ал, 1978 жылы алғаш рет Польшадан Иоанн Павел ІІ сайланып, шіркеуді 27 жыл басқарды. Ол алғашқы славяндық Папа ретінде тарихта қалды. 2005 жылдан 2013 жылға дейін Германиялық Бенедикт XVI таққа отырды. Ол 600 жылда өз еркімен орнын босатқан алғашқы Рим Папасы атанды. Аргентинадан келген Франциск, шіркеуді 2025 жылға дейін басқарды. Ол Латын Америкасынан шыққан тұңғыш Рим Папасы. Ал Лео XIV алғашқы американдық понтификке айналды.

Бенедикт XV 1914-1922  Италия

Пий XI  1922-1939 Италия

Пий XII  1939-1958 Италия

Иоанн XXIII  1958-1963 Италия

Павел VI  1963-1978 Италия

Иоанн Павел I  1978 (33 күн) Италия

Иоанн Павел II  1978-2005 Польша

Бенедикт XVI  2005-2013 Германия

Франциск  2013-2025 Аргентина

Лео XIV  2025-қазіргі уақыт АҚШ