Қытайдың оңтүстігіне шелектеп жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласты. Салдарынан 3 адам опат болды. Тағы бір адам із-түзсіз кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Олардың мәліметіне қарағанда тасқын судан әсіресе Гуанси автономды ауданы қатты зиян шекті. Билік аймақта шұғыл төтенше жағдай режимін жариялады. Синоптиктер: «Алдағы күндері Гуандун, Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында да қолайсыз күн райы болады», – дейді.
Тегтер #Қытай #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz