Қытайда су тасқынынан 3 адам опат болды

Қытайдың оңтүстігіне шелектеп жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласты. Салдарынан 3 адам опат болды. Тағы бір адам із-түзсіз кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Олардың мәліметіне қарағанда тасқын судан әсіресе Гуанси автономды ауданы қатты зиян шекті. Билік аймақта шұғыл төтенше жағдай режимін жариялады. Синоптиктер: «Алдағы күндері Гуандун, Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында да қолайсыз күн райы болады», – дейді.