Газа секторында Израиль шабуылдарынан 93 адам қаза тапты. Тағы 262 палестиналық жараланған. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.
Құрбандардың жартысы – балалар мен әйелдер. Әуе соққылары анклавтың орталық және солтүстік бөлігіндегі Газа дәне Дейр-әл-Балах қалаларына жасалған. Ондаған үй мен босқындар тұратын шатырлар қирады.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль 18 мамырда жаңа құрлық операциясын бастаған болатын. Мақсаты – «ХАМАС» ұйымы мүшелерінің көзін жою және тұтқындарды босату.
Тегтер #Газа секторы #Израиль шабуылдары #ХАМАС ұйымы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz