Ресейдің Брянск облысында пойыз апатқа ұшырап, 7 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24kz.
Аймақ губернаторы Александр Богомаздың мәдімдеуінше, апатқа жарылыс себеп. Соңғы ақпарға қарағанда, оқиға кезінде жараланғандар саны артып, 73 адамға жеткен. Олардың 44-і ауруханада. Арасында 4 бала бар. Бір сәби санавиациямен Мәскеуге жеткізілді. Пойыз астынан өтіп бара жатқанда автокөлік көпірі құлаған. Зардап шекпеген жолаушыларды Мәскеуге басқа пойыз алып кетті. Апат себебі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Тегтер #Ресей #Брянск облысы #жарылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz