Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісім күшіне енді. Бұл туралы Ислам Республикасының мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Кейінгі мәлімет бойынша жергілікті уақытпен таңғы 4-те Тегеранда тыныштық орнады. Бірақ мұны Иранның Сыртқы істер министрлігі растаған жоқ. Израиль билігі де ешқандай пікір білдірмеді. Тек президент Трамп әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Таяу Шығыстағы қиян-кескі шайқас тоқтағанын хабарлап, екіжақты келісімді бұзбауға шақырды.
Тегтер #Израиль Иран #қақтығыс #келісім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz