АҚШ мыс импортына 1 тамыздан бастап салықты 50%-ке дейін ұлғайтады. Бұл туралы Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, шектеу шаралары Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Мамандар мысты стратегиялық металл деп атайды. Ол қару-жарақ, ұшақ өндірісінде, зымыран шабуылынан қорғану жүйесі мен мәліметтерді өңдеу орталықтарында кеңінен қолданылады. АҚШ-та өңделетін мыстың жартысы сырттан әкелінеді. Негізгі жеткізуші – Чили. Трамптың мәлімдемесінен кейін аталған металдың тоннасы 12 мың долларға көтерілді.
Тегтер #АҚШ #салық #Дональд ТрампPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz