Газада Израиль әскери күштерінің соққысынан бір тәулікте 50 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астам тұрғын дене жарақатын алған.
Шабуыл Рафах пен Хан-Юнис қалаларына жасалды. Ондаған тұрғын-үй қирап, шатырлы лагерьлерге зақым келген. Қарулы қақтығыстар гуманитарлық көмек таратылатын пункттердің маңында да тіркелген. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, мамыр айының соңынан бері көмек алуға ұмтылған 900-ге жуық адам опат болған. Шамамен 6 мың адам жараланып, ауруханаға түсті.
Тегтер #Газа секторы #Израиль әскері #қарулы қақтығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz