Жапонияда аптаптан жапа шеккен тұрғындар көбейді. Кейінгі бір аптада ми қайнатар ыстықтан 5 мыңға жуық адам ауруханаға түсіп, үш тұрғын көз жұмды.
Токиода сынап бағанасы +40 градустан асады. Тұрғындар мен туристер салқын су ішіп, көлеңке саялап, субұрқақтарда шомылып қорғанып жатыр. Ал синоптиктер ыстық келесі аптаға дейін жалғасатынын айтып, жұртқа күн астында көп жүрмеуге кеңес беруде.
Тегтер #Жапония #аптап ыстық #көз жұмды #синоптиктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz