Жапонияда аптап ыстықтан үш адам көз жұмды

Жапонияда аптаптан жапа шеккен тұрғындар көбейді. Кейінгі бір аптада ми қайнатар ыстықтан 5 мыңға жуық адам ауруханаға түсіп, үш тұрғын көз жұмды.

Токиода сынап бағанасы +40 градустан асады. Тұрғындар мен туристер салқын су ішіп, көлеңке саялап, субұрқақтарда шомылып қорғанып жатыр. Ал синоптиктер ыстық келесі аптаға дейін жалғасатынын айтып, жұртқа күн астында көп жүрмеуге кеңес беруде.