Биыл жыл басынан бері Еуропа елдеріндегі 300 мың гектарға жуық орман алқабы өртеніп кеткен. Орман өрттері туралы Еуропалық ақпарат жүйесінің дерегіне сүйенсек, бұл кейінгі 19 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы 7 ай ішінде мыңдаған ірі өрт ошағы тіркелген. Әсіресе, Грекия, Испания, Португалия, Албания, Ұлыбритания, Кипрде төтенше жағдайлар болды. Өрттің кең таралуына аймақтағы қатты құрғақшылық әсер еткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Еуропа #төтенше жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz