Ресейдің Қабардин-Балқария аймағында толассыз жауыннан сел жүріп, 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Апат аймағынан эвакуацияланған азаматтар мектептер мен қонақүйлерге орналастырылған. Көшкін салдарынан өңірдегі су құбыры зақымданып, 3 мыңнан астам адам сусыз қалды. Селден “Эльбрус” шипажайына апаратын көпір бүлініп, кей жолдар жабылған.
Тегтер #Ресей #сел жүрді #24KZ #ауа райы болжамыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz