Гонконгта тасқын қаупінің күшеюіне байланысты ең жоғары «қара» деңгей жарияланды.
Осыған байлданысты мемлекеттік мекемелер, ауруханалар мен мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Аймақта нөсер жауын толастамай тұр. Жауын-шашын мөлшері 90 миллиметрге дейін жетеді. Қазір іздеу-құтқару жұыстары жүріп жатыр. Оған мыңдаған маман жұмылған. Бірер күн бұрын Қытайдың оңтүстігінде дүлей дауыл тұрып, арты алапат тасқынға ұласқан болатын. Соның салдарынан 5 адам опат болды. Билік тұрғындарға қауіп туралы ескертіп, барынша сақ болуға шақырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz