АҚШ-тың Калифорния штатында бес күннен бері орман өртеніп жатыр.
Қызыл жалын 34 мың гектар аумақты шарпыған. 800-ден астам үйге қауіп төніп тұр. 2 мыңнан астам құтқарушы өртке қарсы күреске жұмылдырылды. Күшті жел мен аптап ыстық жағдайды ушықтырып тұр. Кей жерлерде сынап бағанасы 40 градустан асады. Тұрғындар шұғыл түрде қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #орман #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz