Ресейдің Рязань облысындағы қорғаныс зауытында жарылыс болып, 23 адам қаза тапты.
Тағы 100-ден аса кісі жарақат алды. Оқиға Лесной поселкесінде болды. Ресей Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, зауыттағы оқ-дәрі цехында өрт шыққан. Жарылыстан өндіріс ошағы қирап қалды. Қазір апаттың салдарымен күрес жалғасып жатыр. Оған 360-тан астам маман және 90 арнайы техника жұмылдырылған. Жергілікті билік 18 тамызды аймақта аза тұту күні деп жариялады.
Тегтер #Ресей #зауыт #жарылыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz