Австралиялық Qantas әуе компаниясына 58 млн доллар айыппұл салынды.
Бірлестік пандемия кезінде 2 мыңға жуық қызметкерді заңсыз қысқартқан. Австралия соты осындай шешім шығарды. Судьялар еңбек кодексі өрескел бұзылған деген байламға келді. Мұндай көлемді айыппұл елдегі әуе компаниясына алғаш рет салынды. Сондай-ақ сотқа шағым түсірген кәсіподақ ұйымына айыппұлдың жартысы төленеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz