Австралиялық Qantas әуе компаниясына $58 млн айыппұл салынды
Австралиялық Qantas әуе компаниясына 58 млн доллар айыппұл салынды.
Бірлестік пандемия кезінде 2 мыңға жуық қызметкерді заңсыз қысқартқан. Австралия соты осындай шешім шығарды. Судьялар еңбек кодексі өрескел бұзылған деген байламға келді. Мұндай көлемді айыппұл елдегі әуе компаниясына алғаш рет салынды. Сондай-ақ сотқа шағым түсірген кәсіподақ ұйымына айыппұлдың жартысы төленеді.