АҚШ-та мыңдаған студент білім алу мүмкіндігінен айырылды. 6 мың студенттің визасы жарамсыз болып қалған.
Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Ресми ақпарға қарағанда, құжатының жарамдылық мерзімі өткен. Сондай-ақ заң бұзған шет ел азаматтары АҚШ аумағында жүру құқығынан айырылды. Ұрлық-қарлық, мас күйінде көлік айдау, лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген 4 мың студент елден шеттетілді. Сондай-ақ бірқатары Газадағы қақтығыс бойынша шерулерге шыққаны үшін айыпталды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #студенттер #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz