Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі мәлімдеді.
Президент Дональд Трамп Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесіп, мән-жайды талқылаған. Трамп ел астанасын Ресей және Украина басшыларының кездесуін өткізуге ең қолайлы жер деп есептейді. Өйткені Виктор Орбанның Ресей басшысымен дипломатиялық қарым-қатынасы жақсы. Әрі бұл ел Ресей үшін халықаралық соттың айыптауларынан қауіпсіз орын болмақ. Ал Украина бұған келісе ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.
Тегтер #АҚШ #Ресей #Украинадағы қақтығыс #Будапешт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz