Австрия астанасы Венада мерейтойлық 70-ші Еurovision халықаралық ән байқауы өтеді.
Қорытынды кезең келер жылдың 16 мамырында елдегі ең ірі Винер Штадтхалле аренасында ұйымдастырылмақ. Бұл қала конкурсты үшінші рет қабылдағалы отыр. Бұған дейін Венада Еurovision 1967 және 2015 жылдары өткен. Соңғы байқау биыл Швейцарияның Базель қаласында өтіп, оған 26 елдің өкілдері қатысты. Нәтижесінде жеңіс Австрия әншісі Йоханнес Пичке бұйырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Австрия #Вена #ЕвровидениеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz