Еurovision-2026 Австрияда өтеді

Австрия астанасы Венада мерейтойлық 70-ші Еurovision халықаралық ән байқауы өтеді.

Қорытынды кезең келер жылдың 16 мамырында елдегі ең ірі Винер Штадтхалле аренасында ұйымдастырылмақ. Бұл қала конкурсты үшінші рет қабылдағалы отыр. Бұған дейін Венада Еurovision 1967 және 2015 жылдары өткен. Соңғы байқау биыл Швейцарияның Базель қаласында өтіп, оған 26 елдің өкілдері қатысты. Нәтижесінде жеңіс Австрия әншісі Йоханнес Пичке бұйырды.