RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ әйелдерге арналған ЖИ мектебін ашты

21.08.2025, 09:57 810

БҰҰ әйелдерге арналған алғашқы жасанды интеллект мектебін ашты, деп хабарлайды 24kz.

Бағдарламаның жетекшісі Эмад Каримнің айтуынша, бүгінгі таңда әлемде жасанды зерде бойынша 130-дан астам ұлттық жоба бар. Оның 24-інде ғана гендерлік теңдік мәселесі қозғалған. Басты мақсат әйелдер қоғамын біліммен, әрі жұмыспен қамтып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект негіздерімен қатар дизайн, коммуникация, экология және төтенше жағдайлардың алдын алу сияқты салалардағы қолданысын үйренеді. Сондай-ақ мектеп жыныстық кибербуллинг пен интернет алаяқтықтан қорғануды үйретпек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz