Президент Дональд Трамп Мэриленд штатына қылмыстың артуына байланысты әскер кіргізуді ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Аймақтағы Балтимор қаласы бүгінде елдегі ең қауіпті шаһардың біріне айналған. Ақ үй басшысы: «Жергілікті билік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан мұндай шара өте қажет», - дейді. Ол Лос-Анджелес пен Вашингтонда қолданылған тәжірибені қайталауға дайын екенін де жеткізді. Ал құқық қорғаушылар: «Бұл әрекет азаматтық бостандықты шектейді», - деп наразылық танытып жатыр.
Тегтер #АҚШ #қылмыс #қоғамдық қауіпсіздік #наразылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz