Пәкістанның Кветта қаласында болған лаңкестік әрекеттен 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 31 адам жараланды. Ауруханаға жеткізілгендердің халі ауыр. Теракт жергілікті Белуджистан ұлттық партиясының жиыны кезінде болды. Іс-шара өтіп жатқан стадион жанында бір содыр өзін жарып жіберген. Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ.
Тегтер #Пәкістан #теракт #лаңкестік #аурухана #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz