Италияда нөсер жауын тасқынға ұласты.
Триест қаласында селдетіп құйған жаңбырдан кейін көшелер мен ғимараттардың төменгі қабаттарын су басып жатыр. Қазір қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Фриули-Венеция-Джулия аймақтарында да жауын-шашын мол түскен. Таулы өңірлерде тасқын мен лай көшкіні қауіпі күшейген.
Тегтер #Италия #жауын #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz