Италияда жауын соңы тасқынға ұласты
Италияда нөсер жауын тасқынға ұласты.
Триест қаласында селдетіп құйған жаңбырдан кейін көшелер мен ғимараттардың төменгі қабаттарын су басып жатыр. Қазір қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Фриули-Венеция-Джулия аймақтарында да жауын-шашын мол түскен. Таулы өңірлерде тасқын мен лай көшкіні қауіпі күшейген.