Жалпы әлемде 50 жасқа дейінгі адамдар арасында қатерлі ісік көрсеткіші өсіп келеді. Кейінгі 30 жылда мұндай жағдайлар 79%-ке артқан. Бұл туралы BMJ Oncology журналының зерттеуінде айтылды.
1990 жылдан бері жасы елуге жетпей обырдан көз жұмғандар 28%-ке көбейіпті. Зерттеу 204 елде жүргізілген. 50 жасқа дейінгі науқастар арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі – сүт безі обыры. Сонымен қатар кеңірдек, қуық асты безі және асқазан обыры да жиілеген.
«Ауруға негізінен зиянды тамақ, темекі мен алкоголь, артық салмақ пен қозғалыссыз өмір себеп», - дейді дәрігерлер.
Юрий Ранков, Тель-Авивтегі бірінші медициналық орталықтың директоры:
- Біз жас әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің анықталып жатқанын жиі көретін болдық. Бұрын бұл дерт негізінен 50 жастан асқандарға тән болса, қазір науқастардың жасы айтарлықтай жасарған. 40-тың шамасындағы, тіпті 30-дағы әйелдер сырқатпен келіп жатыр. Мәселенің бүгінгі ауқымы алаңдатады.
Тегтер #обыр #қатерлі ісік #зерттеу #сүт безі қатерлі ісігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz