50 жасқа дейінгі адамдар арасында обыр көрсеткіші күрт артты

Жалпы әлемде 50 жасқа дейінгі адамдар арасында қатерлі ісік көрсеткіші өсіп келеді. Кейінгі 30 жылда мұндай жағдайлар 79%-ке артқан. Бұл туралы BMJ Oncology журналының зерттеуінде айтылды.

1990 жылдан бері жасы елуге жетпей обырдан көз жұмғандар 28%-ке көбейіпті. Зерттеу 204 елде жүргізілген. 50 жасқа дейінгі науқастар арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі сүт безі обыры. Сонымен қатар кеңірдек, қуық асты безі және асқазан обыры да жиілеген.

«Ауруға негізінен зиянды тамақ, темекі мен алкоголь, артық салмақ пен қозғалыссыз өмір себеп», - дейді дәрігерлер.

Юрий Ранков, Тель-Авивтегі бірінші медициналық орталықтың директоры:

- Біз жас әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің анықталып жатқанын жиі көретін болдық. Бұрын бұл дерт негізінен 50 жастан асқандарға тән болса, қазір науқастардың жасы айтарлықтай жасарған. 40-тың шамасындағы, тіпті 30-дағы әйелдер сырқатпен келіп жатыр. Мәселенің бүгінгі ауқымы алаңдатады.