Біріккен Араб Әмірліктері Газа секторына 2400 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.
100 жүк көлігі Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы бір апта ішінде жетті. Әмірліктер тиеген жүкте азық-түлік, дәрі-дәрмек және уақытша баспана салуға арналған құрылыс материалдары бар. Соңғы тәулікте секторда аштықтан тағы 6 адам көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны 382-ге жеткен, оның 135-і балалар. Израиль көмек көптеп жеткізілуі үшін күн сайын 10 сағаттық үзіліс жасап, соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын хабарлады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БАӘ #ГазаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz