Польшада барлау дроны жойылды.
Ұшқышсыз аппарат Варшавадағы Президент резиденциясы мен Бельведер сарай маңында көзге түскен. Елдің премьер-министрі Дональд Тусктың айтуына қарағанда, сол маңнан Беларусьтың 2 азаматы ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Өткен аптада ресейлік дрондар Польшаның әуе кеңістігін бұзған еді. Сондай-ақ ұшқышсыз аппараттар Румыния аумағына да кірді. Сондықтан НАТО шығыс шебіндегі әскери дайындығын пысықтауға кірісіп кетті. Солтүстік атлантикалық альянс «Шығыс сақшысы» миссиясы аясында Польшаға әскерін де шоғырландырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Беларусь #ПольшаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz