Варшавада барлау дроны жойылды

Польшада барлау дроны жойылды.

Ұшқышсыз аппарат Варшавадағы Президент резиденциясы мен Бельведер сарай маңында көзге түскен. Елдің премьер-министрі Дональд Тусктың айтуына қарағанда, сол маңнан Беларусьтың 2 азаматы ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Өткен аптада ресейлік дрондар Польшаның әуе кеңістігін бұзған еді. Сондай-ақ ұшқышсыз аппараттар Румыния аумағына да кірді. Сондықтан НАТО шығыс шебіндегі әскери дайындығын пысықтауға кірісіп кетті. Солтүстік атлантикалық альянс «Шығыс сақшысы» миссиясы аясында Польшаға әскерін де шоғырландырды.