Балалар арасындағы семіздік, әсіресе, Тынық мұхиты аймағындағы елдерде белең алған. Бұған халықтың сапалы өнімдерден гөрі арзан, құнарсыз азық-түлікті тұтынуы әсер еткен.
Ең жоғары көрсеткіш Ниуэ мемлекетінде тіркелген. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің 38%-ы семіздікке шалдыққан. Артық салмақтан арыла алмай жүрген жастардың 37%-ы Кук аралдарында тұрады. Ал Науру еліндегі көрсеткіш - 33%. Табысы жоғары мемлекеттерде де жағдай мәз емес. Чилиде 5-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 27%-ы, ал АҚШ пен БАӘ-дегі жеткіншектердің 21%-ы семіздіктен зардап шегеді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік деңгейі жоғары елдер:
Ниуэ - 38%
Кук аралдары - 37%
Науру - 33%
Чили - 27%
АҚШ - 21%
БАӘ - 21%
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #семіздік #әлемде #балаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz