Кедей елдерде семіз балалар көп

Балалар арасындағы семіздік, әсіресе, Тынық мұхиты аймағындағы елдерде белең алған. Бұған халықтың сапалы өнімдерден гөрі арзан, құнарсыз  азық-түлікті тұтынуы әсер еткен.

Ең жоғары көрсеткіш Ниуэ мемлекетінде тіркелген. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің 38%-ы семіздікке шалдыққан. Артық салмақтан арыла алмай жүрген жастардың 37%-ы Кук аралдарында тұрады. Ал Науру еліндегі көрсеткіш - 33%. Табысы жоғары мемлекеттерде де жағдай мәз емес. Чилиде 5-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 27%-ы, ал АҚШ пен БАӘ-дегі жеткіншектердің 21%-ы семіздіктен зардап шегеді. 

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік деңгейі жоғары елдер:

Ниуэ - 38%

Кук аралдары - 37%

Науру - 33%

Чили - 27%

АҚШ - 21%

БАӘ - 21%