Йемен Израильге әуеден соққы жасады, деп хабарлайды 24kz.
20-дан астам адам зардап шекті. Бұл туралы Израильдің Ұлттық жедел жәрдем қызметі хабарлады. Тел-Авив әскерилері хуситтер жіберген ұшқышсыз ұшаққа тосқауыл қоюға тырысқанын мәлімдеді. Бірақ бұдан еш нәтиже болмаған. Ұшақ Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Эйлат қаласына құлады. Хуситтер бұл әрекетін палестиналықтарды қолдау деп түсіндірді.
Тегтер #Йемен #Израиль #әуе соққысы #хуситтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz