Йемен Израильге әуе соққысын жасады
Йемен Израильге әуеден соққы жасады, деп хабарлайды 24kz.
20-дан астам адам зардап шекті. Бұл туралы Израильдің Ұлттық жедел жәрдем қызметі хабарлады. Тел-Авив әскерилері хуситтер жіберген ұшқышсыз ұшаққа тосқауыл қоюға тырысқанын мәлімдеді. Бірақ бұдан еш нәтиже болмаған. Ұшақ Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Эйлат қаласына құлады. Хуситтер бұл әрекетін палестиналықтарды қолдау деп түсіндірді.