Вашингтонда ауыр қылмыс үшін өлім жазасы енгізілді. Тиісті жарлыққа Президент Дональд Трамп қол қойды.
Яғни кісі өлтіргендерге енді ең ауыр жаза тағайындалуы мүмкін. Оның айтуына қарағанда, кейінгі жылдары АҚШ-тың бас шаһарында қылмыс көбейген. Сондықтан 1981 жылы өзгерген заң қайта күшіне енеді. Ақ үй әкімшілігінің мәліметі бойынша, Вашингтонда Нью-Йоркке қарағанда 6 есе көп қылмыс жасалады. АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди алдағы уақытта өлімі жазасын өзге штаттарға да енгізуге ниетті екенін жеткізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #өлім жазасы #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz